Жаңа кадрлық тағайындаулар жасалды — ҚазҰУ

91ý

Жаңа кадрлық тағайындаулар жасалды

13 наурыз 2026
Жаңа кадрлық тағайындаулар жасалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев әкімшілік-басқару және оқытушы-профессорлар құрамына қатысты кадрлық тағайындаулар туралы бұйрыққа қол қойды. 
Бұйрыққа сәйкес, 2026 жылғы 6 наурыздан бастап механика-математика факультеті деканының міндетін атқарушы болып физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Мәдина Мансұрова тағайындалды. Ол бұған дейін Жасанды интеллект және Big Data кафедрасын басқарған. М.Мансұрова бұл қызметті байқау өткізілгенге дейін атқаратын болады.
Сонымен қатар Ақпараттық технологиялар департаменті директорының міндетін атқару Кирилл Коханға (бұған дейін сервистік қолдау бөлімінің жүйелік әкімшісі) жүктелді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі