«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ЖАҢА ҮНДЕУЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯFarabi University

91ý

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ЖАҢА ҮНДЕУЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

13 наурыз 2026
«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ЖАҢА ҮНДЕУЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2026 жылғы 13 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде &ܴ;Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: Қазақстан Республикасындағы азаматтық процеске жаңа үндеулер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы ұйымдастырды. 

Іс-шара қазіргі заманғы құқық ғылымындағы өзекті бағыттардың бірі – жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың азаматтық сот ісін жүргізу саласына ықпалын талқылауға арналды. Конференция гибридті форматта (офлайн және онлайн) ұйымдастырылып, оған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, құқық саласының тәжірибелі мамандары, судьялар, адвокаттар, сондай-ақ Германия, Малайзия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. 

Конференцияның ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер қатарында  Заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Уалихан Ақыпбекұлы Ахатов, сондай-ақ &ܴ;Адам және құқық» медиаторлар және заңгерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Ульбара Акматовна Джирембаева болды.

Пленарлық мәжіліс пен ғылыми баяндамалар барысында қатысушылар азаматтық сот ісін жүргізуді цифрландыру, цифрлық дәлелдемелердің құқықтық мәртебесі, электрондық сот ісін жүргізу, Legal Tech технологияларын құқықтық тәжірибеге енгізу, онлайн дауларды шешу механизмдері (ODR), цифрлық медиация, сондай-ақ жасанды интеллектті құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибесі мен ұлттық заңнамадағы ерекшеліктері мәселелерін жан-жақты талқылады.

Конференцияда отандық және шетелдік ғалымдар өз баяндамаларын ұсынды. Атап айтқанда, азаматтық процесті цифрландыру және жасанды интеллектті құқықтық реттеу мәселелері бойынша:

Ø заң ғылымдарының докторы Талғат Төлеуұлы Балашов – &ܴ;Жасанды интеллектіні құқықтық реттеу: халықаралық тәжірибе және ұлттық заңнама»;

Ø &ܴ;Адам және құқық» медиаторлар және заңгерлер одағының өкілдері Ульбара Акматовна Джирембаева мен Арман Канатович Гумаров – &ܴ;Цифрлық медиацияның заманауи әдістері»;

Ø заң ғылымдарының кандидаты, профессор Салтанат Карибаевна Атаханова – « Қазақстандағы азаматтық іс жүргізуді цифрландыру мәселелері»;

Ø заң ғылымдарының кандидаты, доцент Архат Ашметович Абикенов – &ܴ;Азаматтық сот ісін жүргізудің цифрлық трансформациясының құқықтық негіздері»;

Ø Германиядағы Висмар қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Андреас Штайнингер –« Legal Tech технологияларын заң тәжірибесінде қолдану»;

Ø Малайзия университетінің қауымдастырылған профессоры Карим Мохаммад Ершадул – &ܴ;Жасанды интеллект және цифрлық дәлелдемелердің сотта қолданылуы»;

Ø Ресей Федерациясы Прокуратура университетінің профессоры Асхат Назаргалиевич Кузбагаров –&ܴ;Азаматтық процестегі цифрлық технологиялардың құқықтық қамтамасыз етілуі»;

Ø Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның бірқатар ғалымдары азаматтық процестегі жасанды интеллекттің рөлі мен цифрлық сот жүйесінің даму перспективалары туралы баяндамалар жасады.

Сонымен қатар конференция барысында цифрлық дәлелдемелерді бағалау, онлайн сот процестері, халықаралық арбитражды цифрландыру, Big Data-ны заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік, электрондық келісімшарттар және смарт-контрактілерді құқықтық реттеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Конференция жұмысының қорытындысында қатысушылар азаматтық сот ісін жүргізуді жетілдіру, цифрлық технологияларды құқықтық реттеу және жасанды интеллектті қолданудың тиімді әрі қауіпсіз тетіктерін дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара соңында конференция қатысушылары естелік суретке түсіп, ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.