ҚазҰУ-да 3 референдум учаскесінде дауыс берілуде
15 наурыз 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалпыхалықтық референдум бойынша үш дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.

Қалашықтағы №258, №259 және №568 дауыс беру учаскелері өз жұмысын жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де бастады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы үш учаскеде 3543 студент тіркелген.

Бұған қосымша, ҚазҰУ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар дауыс беріп, саяси науқанға белсенді қатысуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
23 маусым 2026
23 маусым 2026