Заң факультетінің студенттері референдумда дауыс бердіFarabi University

91ý

Заң факультетінің студенттері референдумда дауыс берді

15 наурыз 2026
Заң факультетінің студенттері референдумда дауыс берді

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өтуде. Ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің студенттері белсене қатысып, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Факультет бойынша референдумға ең алғаш болып келіп, өз таңдауларын жасаған студенттер: Кейикбаева Шынарай Батырбекқызы, Бауыржанқызы Айбибі, Бекболат Сабина Бауырбекқызы, Ағабай Бексұлтан Ғалымұлы, Акылтай Ұлан Бағдаулетұлы, Артықбаев Болатбек Нұрлыбекұлы, Фарит Арсен Ризабекұлы және Еркінғалиев Ерасыл Асланұлы. Кураторлары: Қанат Алихан ҚТ-107 және Сманова Ақмарал Бахтиярқызы МҚ-126.  

Бұл күн жас сайлаушылар үшін ерекше әрі тарихи сәт болды. Себебі заң факультетінде білім алып жатқан студенттер үшін бұл тәжірибе теориялық білімді өмірмен ұштастырудың нақты мысалы болды.

Көптеген студенттер үшін референдум – азаматтық құқықтарын алғаш рет жүзеге асырып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау үдерісіне қатысудың алғашқы тәжірибесі болды. Дауыс беру учаскесіне келген студенттер жоғары азаматтық белсенділік танытып, қоғам өміріне бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.

Болашақ заңгерлер ретінде студенттер референдумның маңызын терең түсінетіндерін атап өтті. Олардың пікірінше, Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, елдегі құқықтық жүйенің іргетасы және қоғам дамуының басты бағытын айқындайтын маңызды құжат. Сондықтан жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдіру әрбір саналы азаматтың борышы болып табылады.