Көрісу күні – ұлттық дәстүрдің жаңғыруы
2026 жылғы 14 наурыз күні Рекреациялық география және туризм кафедрасында ұлттық дәстүрімізді ұлықтайтын Көрісу күні атап өтілді. Кафедра оқытушылары мен студенттері бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптейтін тағылымды басқосу ұйымдастырды. Шара барысында ұлттық дәстүрлердің маңызы айтылып, жастарға ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлерді құрметтеу мен сақтаудың мәні түсіндірілді.
Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, қол алысып, амандық-саулық тілеп, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылдың басталуын жақсылықпен қарсы алады. Мереке адамдар арасындағы сыйластық пен татулықты нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты ұлттық құндылықтарды дәріптейді.
Басқа жаңалықтар