«Мейірім шуағы» әлеуметтік жобасы
12 желтоқсан 2025
ТДМ 17. Іс-шара атауы: «Қарттарымыз – асыл қазынамыз»
2025 жылғы 12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 305-топ студенттері Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан «Мейірім шуағы» әлеуметтік жобасы аясында қарттар үйіне барды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, оларға көңіл бөліп, мейірім мен қамқорлық таныту. Студенттер қарттармен жылы әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибелерін тыңдап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай кездесулер жастардың адамгершілік құндылықтарын нығайтып, үлкендерге деген құрмет пен сыйластықты арттыруға ықпал етеді. Бұл кездесу барлық қатысушылар үшін әсерлі әрі тағылымды болды.
Іс-шараға жауапты оқытушылар:
Кудайбергенов А.А., Шапкатова І.Б., Байдельдинов Д.Л., Бахманова Қ.