«Қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік: студенттердің көзқарасы» — ҚазҰУ

91ý

«Қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік: студенттердің көзқарасы»

12 наурыз 2026
«Қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік: студенттердің көзқарасы»

Деректер туралы ғылым 24-01 тобының студенттері арасында кураторлық ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі тақырыбы – гендерлік теңдік мәселесі болды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің қоғамдағы гендерлік теңдік туралы түсінігін кеңейту, өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік беру және маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылау арқылы сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында студенттер гендерлік теңдік ұғымының мәнін, оның қоғамдағы рөлін және қазіргі кездегі маңыздылығын талқылады. Гендерлік теңдік – әйелдер мен ерлердің құқықтары, мүмкіндіктері және міндеттері бірдей болуы керек деген қағидаға негізделген. Талқылау кезінде студенттер білім беру, жұмысқа орналасу, мансаптық өсу және қоғамдық өмірге қатысу салаларындағы тең мүмкіндіктер туралы өз ойларын ортаға салды. Ашық сабақ барысында шағын дебат форматында пікір алмасу ұйымдастырылды. Студенттер екі топқа бөлініп, гендерлік теңдік тақырыбы бойынша өз көзқарастарын дәлелдеуге тырысты.

Куратор-эдвайзер: Абдуали Балжан Абдирасилқызы