Шетелдіктерге шаңырақ күні таныстырылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік жнк жалпы білім беру дайындығы кафедрасының кураторлары «Наурызнама» форматындағы «Шаңырақ күні» мерекелік іс-шарасын өткізді, ол әртүрлі елдерден келген студенттер үшін мәнді әрі есте қаларлық оқиғаға айналды.
Мереке өзара құрметке толы жылы әрі достық атмосферада өтті. Шаңырақ бейнесі барлық қатысушыларды біріктіріп, ортақ үй, бірлік пен мәдени құндылықтарды символизациялады. Іс-шара барысында студенттер қазақ халқының дәстүрлері жне әдет-ғұрпымен танысты.
Шаңырақ күнін ұйымдастыру ұлтаралық достықты нығайтуға, мәдени мұраға құрметпен қарауды дамытуға жне халықаралық студенттер үшін қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. Осы іс-шараның белсенді ұйымдастырушылары – топ жетекшілері: А.С. Қазмағамбетова, Л.К. Мамытбекова, Г.С. Қойшыбаева жне Д.С. Толмачева.