««Тәртіп бар жерде – тәрбие бар»
2026 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің студенттері үшін Компьютерлік ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен «Narkostop 2026 Cybersafe» профилактикалық жобасы шеңберінде «Тәртіп бар жерде – тәрбие бар» тақырыбына дріс өткізілді. Дрісті қалалық наркологиялық орталықтың маманы Тажибаев Ерлан Бегуллаевич өткізді.
Мақсаты – студенттер мен қатысушыларды синтетикалық есірткі заттарының зияны туралы хабардар ету, әсіресе интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерде олардың заңсыз қолданылуына және таралуына қатысты теріс көзқарасты қалыптастыру.
Дріс барысында спикер әлеуметтік желілер арқылы синтетикалық есірткі заттарының таралу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, интернет-платформалар, мессенджерлер мен жасырын чаттар арқылы заңсыз сауданың қалай жүзеге асырылатыны нақты мысалдармен көрсетілді. Сонымен қатар, өмірде орын алған нақты оқиғалардан мысалдар келтіріліп, жастардың жеңіл ақша табу мақсатында осындай қылмыстық әрекеттерге қалай тартылатыны баяндалды. Синтетикалық есірткіні тасымалдау немесе тарату арқылы тез әрі көп ақша табамын деген жалған түсініктің салдарынан көптеген жастардың өмірде қателікке бой алдырып, заң алдында жауапкершілікке тартылып, сотталып, өз болашағына үлкен зиян келтіріп жатқаны атап өтілді.
Синтетикалық есірткінің адам ағзасына тигізетін зиянына ерекше назар аударылды. Спикер олардың денсаулыққа аса қауіпті екенін, психикалық және физикалық тәуелділікке әкелетінін нақты деректермен түсіндірді.
Дріс барысында тақырыпты тереңірек түсіну мақсатында түрлі бейнематериалдар көрсетілді. Бұл видеолар есірткінің зияны мен оның қоғамға тигізетін кері әсерін нақты мысалдар арқылы жеткізді және қатысушыларға ой салды.
Сонымен қатар, спикер дріс қатысушыларына егер олардың достары немесе таныстары арасында синтетикалық есірткі қолдану немесе тасымалдаумен байланысты мселелер болса, өз орталығына келіп тегін кеңес алуға болатынын айтты.
Дріс ашық диалог форматында өтті, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан толық және нақты жауап алды. Мереке соңында аудиторияның жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен тақырыптың өзектілігі байқалды.
Басқа жаңалықтар