Наурызнаманың 10 күндігі аясында 2026 жылғы 18 наурыз күні География және табиғатты пайдалану факультетінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық тағамдары кеңінен таныстырылды. Студенттер дайындаған дастарханда наурыз көже, бауырсақ, құрт, ірімшік сынды дәстүрлі тағамдар ұсынылып, келушілерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жәрмеңке тек тағам ұсынумен шектелмей, мазмұнды әрі танымдық бағдарламамен толықтырылды. Қатысушылар арасында мақал-мәтелдерді жасыру ойыны ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «тілек ағашы» шарасы өткізілді. Бұл белсенділіктер студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу, жастардың салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру және Наурыз мейрамының рухын кеңінен насихаттау болды. Қатысушылардың жоғары белсенділігі мен ұйымдастырушылардың жауапкершілігінің арқасында жәрмеңке жоғары деңгейде өтіп, көпшіліктің оң бағасына ие болды.
Бұл игі бастама студент жастар арасында ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға және рухани сабақтастықты нығайтуға зор үлес қосты.

Басқа жаңалықтар