- Басты бет
- Жаңалықтар
- л-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті Жетісу облысында ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында семинар-тренинг өткізді
л-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті Жетісу облысында ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында семинар-тренинг өткізді
2026 жылғы 11–12 наурыз күндері Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы «Достық» мәжіліс залында дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шара Жетісу облысының дін істері басқармасының келісімімен «Тлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі тарапынан ұйымдастырылды.
Семинарға л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы қатысып, ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталған дәріс және тәжірибелік тренинг жүргізді.
Шараға өңірдің барлық аудандарынан келген АТТ мүшелері, теологтар, дінтанушылар және салалық мамандар қатысты.
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты – «Сапалы білім» аясында жүзеге асырылып, ғылыми білімді тәжірибемен ұштастыра отырып, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және өңірлік деңгейде білім сапасын арттыруға бағытталады.
л-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілінің бұл шараға қатысуы университеттің ғылыми леуетін өңірлік деңгейде танытуға, мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық ұйымдармен серіктестікті орнатуға, сондай-ақ білім мен тәжірибе сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты – «Сапалы білім» аясында мамандардың біліктілігін арттыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік.
Аталған семинар-тренинг дін саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруда маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, бұл іс-шара жоғары оқу орындарының қоғаммен байланысын нығайтып, сапалы білім берудің тәжірибелік маңызын арттыратынын көрсетті.
