Таза бейсенбі: Студенттер үйі № 15-те Жаңару күніне орай сенбілік өтті
19 наурыз 2026
19 наурыз күні География және табиғатты пайдалану факультетінің Студенттер үйі № 15-те «Таза бейсенбі» экологиялық бастамасы аясында сенбілік өткізілді.
Іс-шара Жаңару күніне орай ұйымдастырылды. Бұл күн тазалықты, жаңаруды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды білдіреді. Сенбілікке жатақханада тұратын студенттер мен студенттік актив өкілдері белсенді қатысты.
Іс-шара барысында тұрғын бөлмелер мен ортақ пайдалану орындарында тазалық жұмыстары жүргізіліп, жатақхана аумағында тәртіп орнатылды. Сонымен қатар студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар студенттер арасында тазалықты сақтау мәдениетін дамытып, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.


Басқа жаңалықтар
23 маусым 2026
23 маусым 2026