- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таза Қазақстан: География және табиғатты пайдалану факультетінде Мөлдір бұлақ іс-шарасы өтті
Таза Қазақстан: География және табиғатты пайдалану факультетінде Мөлдір бұлақ іс-шарасы өтті
2026 жылғы 17 наурызда География және табиғатты пайдалану факультетінде, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ұйымдастыруымен, «Мөлдір бұлақ» экологиялық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері тарапынан ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарының 6-шы бағыты – «Су және санитария» аясында экологиялық жауапкершілікті арттыру. Осы мақсатта студенттер мен қатысушыларға қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түрлі бастамалар ұсынылды.

Іс-шара барысында аудиторияға экология және су ресурстарын қорғау тақырыптары бойынша ақпараттық презентация жасалды. Студенттер қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы мен су сапасын жақсартудың жолдары туралы қызықты баяндамалар мен зерттеулер ұсынды.
Сонымен қатар, іс-шараның маңызды бөлігі ретінде университет аумағында арықтарды тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл экологиялық іс-шара арқылы студенттер университет аумағындағы судың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыстар атқарып, өз үлестерін қосты.
Ұйымдастырушы, Исанбекова А.Т., іс-шараның экологиялық маңыздылығын атап өтіп, жастарды табиғат қорғауға белсене қатысуға шақырды. Бұл бастама қатысушыларға су ресурстарын қорғау, экологиялық таза болашақ қалыптастыру жолында маңызды тәжірибе алуға мүмкіндік берді.
«Мөлдір бұлақ» іс-шарасы қорытындысында қатысушылар табиғатты қорғау мәселелері жөнінде пікірталастар жүргізіп, экологиялық тұрғыдан сауатты әрі жауапты болу қажеттігін ұғынды.
Басқа жаңалықтар