Жастар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу
Халықаралық құқық кафедрасы доценті м.а., PhD Д.У. Байтукаеваның ұйымдастыруымен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу» тақырыбында Қонақ дәрісі өткізілді. Дәрісті ҚР ІІМ-нің М. Есболатов атындағы Алматы академиясы қызметкерлері өткізді.
Дәріс барысында спикер құқық бұзушылықтың негізгі себептеріне тоқталып, оның ішінде әлеуметтік орта, отбасы тәрбиесі, бос уақытты тиімді ұйымдастырмау, сондай-ақ заманауи ақпараттық кеңістіктің әсері сияқты факторларды атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы кеңінен ақпарат берілді. Нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, жастарға дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Дәріс интерактивті форматта өтіп, студенттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, спикермен ашық пікір алмасты. Бұл өз кезегінде тақырыпты тереңірек түсінуге және әрбір қатысушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың саналы, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

