- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таза Қазақстан бағыты аясында “Бірге – мықтымыз: профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер спортта” тақырыбы аясында футболдан жарыс өтті.
Таза Қазақстан бағыты аясында “Бірге – мықтымыз: профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер спортта” тақырыбы аясында футболдан жарыс өтті.
14 наурыз күні «Бірге – мықтымыз: профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер спортта» тақырыбы аясында География табиғатты пайдалану факультеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының ұйымдастырумен студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Аталған спорттық іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты арттыру болды. Сонымен қатар, бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Сапалы денсаулық және әл-ауқат» (ТДМ-3) аясында ұйымдастырылып, қатысушылардың денсаулығын нығайтуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, командалық рух пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Футбол додасы тартысты әрі қызықты өтіп, әр команда жеңіске деген жігерін паш етті. Ойын қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталып, белсенді қатысушылар марапатталды.
Осындай спорттық шаралар кафедра ұжымының ауызбіршілігін арттырып қана қоймай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне және денсаулығын нығайтуына зор ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар