Экология және қауіпсіздік: жұқпалы аурулар туралы ашық дәріс
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Экология» (8D05207) мамандығы бойынша 1 курс докторанты Кобланова Асель Кайратовна «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 3 курс студенттеріне «Жаппай аурулар. Ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы аурулары» тақырыбында ашық дәріс өткізді. 
Дәрісте аусыл, сібір жарасы, бруцеллез және құтыру сияқты аурулардың пайда болу себептері, жұғу жолдары, негізгі белгілері мен адам мен жануарға әсері қарастырылып, алдын алу шаралары мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Сабақ барысында студенттердің белсенділігін арттыру үшін интерактивті әдістер қолданылып, «билет алу» форматында сұрақ-жауап және көрнекі материалдар арқылы тапсырмалар берілді. Сабақ соңында тест тапсырмалары жүргізіліп, студенттер екі топқа бөлініп ойын элементтері арқылы тақырыпты пысықтады. 
Бұл ашық дәріс студенттердің теориялық білімін тереңдетіп, кәсіби дағдыларын дамытуға және экология мен қауіпсіздік мәселелерін түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, дәріс тұрақты дамудың мақсатына сай, атап айтқанда адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау және жердегі тіршілікті қорғау бағытында білім беру мен дағдыларды дамытуға үлес қосады. 
Ашық сабаққа ТД бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушы-профессорлар., аталған пән оқытушысы PhD, С.Т.Қалдыбаева, оқытушы PhD Байботаева А.Д. қатысып, практикант А.К. Кобланованың ашық дәрісін «оң»бағалады.
Басқа жаңалықтар