"Ұлттық ойындар күні" — ҚазҰУ

91ý

"Ұлттық ойындар күні"

20 наурыз 2026
"Ұлттық ойындар күні"

20-наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Университет деңгейінде өткізілген іс-шараға «География және табиғатты пайдалану факультетінен» 30-ға жуық шет ел студенттері қатысып, қазақ халқының ұлттық ойындары мен дәстүрлі спорт түрлерімен танысты. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін жақыннан көріп, спорттық жарыстарға белсенді түрде атсалысты. Атап айтқанда, олар арқан тарту, тоғызқұмалақ, қол күрес секілді ұлттық ойындардың мән-маңызын түсініп, өзара достық пен ынтымақтастық атмосферасында уақыт өткізді.