«Farabi Green Campus: Таза университет» экофорумы аясында «Aralap» жобасы жеңіске жеттіFarabi University

91ý

«Farabi Green Campus: Таза университет» экофорумы аясында «Aralap» жобасы жеңіске жетті

21 наурыз 2026
«Farabi Green Campus: Таза университет» экофорумы аясында «Aralap» жобасы жеңіске жетті

25.11 күні Биология жне биотехнология факультетінің студенттері «Farabi Green Campus: Таза университет» экофорумы аясында өз жобаларын сәтті қорғап, I дәрежелі диплом мен 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыны жеңіп алды. Ботаника жне агроэкология кафедрасының меңгерушісі Ахтаева Нурсулу Зияхановнаның ұйымдастыруымен ұсынылған бұл бастама студент жастардың экологиялық жобаларға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму бағытында нақты нәтижеге қол жеткізе алатынын айқын көрсетті.

Жеңімпаз атанған «Aralap» жобасы университет аумағын көгалдандыруға, жасыл желек қорын көбейтуге жне экологиялық ортаның сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде университет территориясының экологиялық жағдайы жақсарып қана қоймай, тозаңдандырғыштардың көбеюіне, жабайы өсімдіктердің биоалуантүрлілігінің артуына жне табиғи экожүйелік тепе-теңдіктің сақталуына оң әсер ету көзделіп отыр. Сонымен қатар, бұл бастама университет кеңістігінде табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға жне жасыл кампус қағидаттарын кеңінен ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Аталған жобаны университет студенттері — Биология мамандығының докторанты Ғалымжанов Ислам, Ботаника жне агроэкология кафедрасының 3-курс студенті Жанбасбаева Сымбат жне Нурханов Руслан — геоботаника мамандығының магистранты әзірледі. Жобаның мазмұны өзінің ғылыми негізділігімен, практикалық маңызымен жне экологиялық өзектілігімен ерекшеленіп, университет аумағын тұрақты түрде көгалдандыруға бағытталған тиімді бастама ретінде жоғары бағаланды.

«Aralap» жобасының басты ерекшелігі — оның тек көгалдандыру жұмыстарымен шектелмей, университет кеңістігін экологиялық тұрғыдан тұрақты, биологиялық алуантүрлілігі сақталған жне табиғи үйлесімділігі жоғары ортаға айналдыруды көздеуінде. Жоба аясында жүзеге асырылатын шаралар университет аумағының эстетикалық келбетін жақсартып қана қоймай, студенттер мен оқытушылар үшін қолайлы, таза әрі жасыл орта қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай бастамалар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, жасыл инфрақұрылымды дамытуға жне экологиялық мәдениетті нығайтуға негіз болады.

Экофорум аясындағы бұл жеңіс студенттердің білім мен ғылымды ұштастыра отырып, бүгінгі күннің өзекті экологиялық мәселелеріне нақты әрі нәтижелі шешім ұсына алатынын дәлелдейді. Сонымен қатар, мұндай жетістіктер жастардың ғылымға, қоршаған ортаны қорғауға жне әлеуметтік маңызы бар бастамаларға қызығушылығын арттырып, олардың болашақ кәсіби жне азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қорытындылай келе, «Farabi Green Campus: Таза университет» экофорумы аясында жеңіске жеткен «Aralap» жобасы — университеттің тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге, табиғатты қорғауға жне кампус аумағын экологиялық тұрғыдан жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Биология жне биотехнология факультетінің студенттері ұсынған бұл жоба алдағы уақытта университеттің жасыл аймағын кеңейтуге, биоалуантүрлілікті сақтауға жне экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

 

Ботаника жне агроэкология кафедрасы