ҚазҰУ және Цукуба студенттері арасында воркшоп өтті — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ және Цукуба студенттері арасында воркшоп өтті

19 наурыз 2026
ҚазҰУ және Цукуба студенттері арасында воркшоп өтті

   2026 жылғы 19 наурызда Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастыққа арналған воркшоп өтті. Іс-шара аясында Цукуба университетінің студенттері мен ҚазҰУ Шығыстану факультеті жапонтану бөлімінің студенттері екі елдегі ұқсас әлеуметтік мәселелер және мәдени құндылықтар туралы презентациялар ұсынып, мазмұнды пікірталас өткізді.

   Воркшоптың жалғасы ретінде жапон мәдениетінің элементтері - жапонша шай ішу рәсімі және оригами таныстырылды.

   Бұл шара Қазақстан мен Жапония студенттері арасындағы мәдениетаралық алмасуды дамытуға және академиялық байланыстарды нығайтуға маңызды алаң болды.