Халықаралық аренадағы кезекті жетістік! — ҚазҰУ

91ý

Халықаралық аренадағы кезекті жетістік!

22 маусым 2026
Халықаралық аренадағы кезекті жетістік!

2026 жылғы 16–19 маусым аралығында Санкт-Петербург қаласындағы «ПетроКонгресс» конгресс орталығында өткен «Digital Skills 2026» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, механика кафедрасының командалары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды! 🥈

Біздің университет чемпионатқа екі құзыреттілік бойынша қатысты:

🔹 Үнемді өндіріс
Қатысушылар: “6В07110 – Робототехникалық жүйелер” БББ 3 курс студенттері
* Срайылұлы Мейір
* Тұмарбай Ақжол Асылбекұлы

Эксперт-компатриот:
* Ахметова Балжан Ибрагимқызы, PhD, аға оқытушы

🔹 Роботты дәнекерлеу
Қатысушы: “6В07110 – Робототехникалық жүйелер” БББ 3 курс студенті
* Айсекенов Рамазан Рахманәліұлы

Эксперт-компатриот:
* Жанаберген Дамир Рахатұлы, «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты директорының орынбасары

Чемпионатқа әлемнің түрлі елдерінен келген қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, инженерлік ойлау қабілеттерін және заманауи өндірістік технологиялар бойынша білімдерін көрсетті.

Бұл жетістік – студенттердің қажырлы еңбегінің, жетекшілердің кәсіби қолдауының және университетіміздегі сапалы инженерлік білімнің нәтижесі.

🌍 Сонымен қатар, бұл жетістік Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) бірнеше бағытына үлес қосады:
✅ ЦУР 4 – Сапалы білім беру: болашақ инженерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
✅ ЦУР 8 – Лайықты еңбек және экономикалық өсу: еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;
✅ ЦУР 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: робототехника, цифрлық технологиялар және өндірістік инновацияларды дамыту;
✅ ЦУР 17 – Мақсаттар үшін әріптестік: халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайту.

🎉 Команда мүшелері мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Университетіміздің абыройын халықаралық деңгейде асқақтатып жүрген жастарымызға жаңа жеңістер, тың идеялар және биік белестер тілейміз! 🇰🇿✨

Автор: PhD Ахметова Б.И.