«ТДМ 13. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мәселесі аясында №17 жатақханада «Green Campus» тақырыбында экологиялық мәдениетті қалыптастыру іс-шарасы өтті. — ҚазҰУ

91ý

«ТДМ 13. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мәселесі аясында №17 жатақханада «Green Campus» тақырыбында экологиялық мәдениетті қалыптастыру іс-шарасы өтті.

3 наурыз 2026
«ТДМ 13. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мәселесі аясында №17 жатақханада «Green Campus» тақырыбында экологиялық мәдениетті қалыптастыру іс-шарасы өтті.

2026 жылдың 3 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №17 студенттер жатақханасында «ТДМ 13. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» тақырыбы аясында танымдық кездесу өтті. Іс-шараны 6B02303 – «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының кураторы Азимбаева И.К. ұйымдастырды. Кездесуге аталған мамандықтың студенттері қатысып, «Green Campus» тақырыбында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында студенттер климаттың өзгеруі, оның жаһандық және аймақтық салдары туралы пікір алмасып, «Климаттың өзгеруі – жаһандық қауіп пе әлде басқарылатын үдеріс пе?», «Қазақстандағы климаттық өзгерістер және олардың әлеуметтік-экономикалық салдары» атты сұрақтар төңірегінде өз ойларын білдірді. Сонымен қатар Алматы қаласындағы экологиялық жағдай, ауа сапасының төмендеуі, мұздықтардың еруі және су ресурстарының азаюы сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында «Green Campus» бастамасы аясында университет аумағында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, студенттер:

-ағаш отырғызу және гүл егу акцияларын ұйымдастыру,

-тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру,

-«Пластиксіз бір күн» челленджін өткізу,

-энергия мен суды үнемдеу мәдениетін насихаттау сияқты бастамаларды қолдады.

Кездесудің тәжірибелік бөлігінде студенттер «Climate Change Vocabulary Glossary» атты шағын терминологиялық жоба дайындап, климаттық өзгерістерге қатысты негізгі терминдерді ағылшын-қазақ-орыс тілдерінде жүйеледі. Бұл жұмыс болашақ аудармашылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға, экологиялық терминологияны дұрыс қолдануға және көптілді ғылыми коммуникацияны меңгеруге мүмкіндік берді.

Студенттер өз баяндамалары мен пікірталастарында экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтіп, қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін жеткізді. Кездесу соңында қатысушылар алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға және өз орталарында экологиялық мәдениетті насихаттауға дайын екендіктерін білдірді.

Аталған іс-шара жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, тұрақты даму құндылықтарын қалыптастыруға және болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтауға бағытталған маңызды қадам болды.

Азимбаева И.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультеті

шет филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы