Докторанттың ашық сабағы өттіFarabi University

91ý

Докторанттың ашық сабағы өтті

11 ақпан 2026
Докторанттың ашық сабағы өтті
2026 жылғы 10 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Механика-математика факультеті, Математика кафедрасында «8D05401 – Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Муратова Алуаның ашық сабағы өтті.
 
Сабақтың тақырыбы: «Псевдопараболалық теңдеу үшін тура есептің шешілімдігі. Фурье әдісі. Шешімнің бар болуы».
 
Сабақ «7M05402 – Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарына арналып, 17:00–18:00 аралығында өткізілді. Ашық сабақ барысында докторант псевдопараболалық теңдеулер үшін тура есептің қойылуын, оның шешілімділігін, Фурье әдісін қолдану арқылы шешімнің бар болуын жан-жақты түсіндірді. Теориялық материал нақты мысалдармен толықтырылып, жүйелі түрде баяндалды.
 
Аталған іс-шара докторанттардың педагогикалық практикасы аясында ұйымдастырылды. Педагогикалық практика жетекшісі – профессор, ф.-м.ғ.к. Хонатбек Хомпыш. Іс-шара болашақ оқытушылардың кәсіби және педагогикалық құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Математика кафедрасы