Мағауия Абайұлы поэмаларының тақырыптық-идеялық сипаты — ҚазҰУ

91ý

Мағауия Абайұлы поэмаларының тақырыптық-идеялық сипаты

19 наурыз 2026
Мағауия Абайұлы поэмаларының тақырыптық-идеялық сипаты

ТДМ 16 бағытына сәйкес қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы П. К. Бисенбаевтың және филология ғылымдарының докторы Гүлжан Болатованың жетекшілігімен наурыздың 19 күні «Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты Моминов Нұрболат «Мағауия Абайұлы поэмаларының тақырыптық-идеялық сипаты» тақырыбында ашық сағатын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге Мағауия Абайұлының шығармашылық мұрасын жан-жақты таныстыру, оның поэмаларының тақырыптық және идеялық ерекшеліктерін терең түсіндіру, сондай-ақ Абайдың ақындық мектебі аясындағы көркемдік дәстүрдің сабақтастығын көрсету. Қазақ әдебиетінің классикалық кезеңіндегі поэма жанрының дамуын талдау арқылы студенттердің әдеби-теориялық ойлау қабілетін жетілдіру көзделді.

Студенттер өз кезегінде Мағауия Абайұлы поэмаларының тақырыптық ауқымы кең екенін, онда тарихи, әлеуметтік және махаббат мәселелері терең көрініс табатынын атап өтті. Ақын шығармаларында романтикалық және реалистік үрдістердің ұштасуы арқылы кейіпкердің ішкі әлемі мен қоғамдағы қайшылықтар бейнеленетіні талқыланды. Бұл өз кезегінде көркем мәтінді жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді.

Мағауия шығармашылығын зерттеу қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының дамуын, Абай дәстүрінің жалғастығын және көркемдік эволюциясын айқындауға негіз болады. Сонымен қатар, мұндай талдаулар әдебиеттің тек тарихи құбылыс қана емес, сонымен бірге эстетикалық және рухани құндылықтарды қалыптастыратын маңызды сала екенін көрсетеді.

Сабақ интерактивті форматта өтті: сұрақ-жауап, топтық талдау, пікірталас, мәтіндік үзінділерді талқылау және заманауи цифрлық платформаларды қолдану әдістері тиімді пайдаланылды.