«Сөз – кие, өнер – жүйе: қазақ фольклорындағы импровизаторлық шеберлік» — ҚазҰУ

91ý

«Сөз – кие, өнер – жүйе: қазақ фольклорындағы импровизаторлық шеберлік»

25 ақпан 2026
«Сөз – кие, өнер – жүйе: қазақ фольклорындағы импровизаторлық шеберлік»

ТДМ 16 бағытына сәйкес қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к, доцент С.Б.Тлеубаев және ф.ғ.д. Г.Ж.Болатованың жетекшілігімен ақпанның 25-і к.ні «Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты Дайрабаева Марал «Қазақ халық импровизациясының жанрлық сипаттары мен шығарып айтушылары» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.

Бұл шараның негізгі мақсаты – студентке қазақ халық импровизациясының жанрлық сипаттарын ажыратып түсіндіру, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін анықтау және шығарып айтушылар туралы түсінік қалыптастыру. Импровизаторлық өнері - қазақ халқының болмысына біткен қасиет, әсіресе, айтыс  – қазақ ұлтының төл өнері. Бұл бойға біткен қасиет орындаушылар мен шығарып айтушылар институтының қызметі арқылы түрлі өзгерістерге түсіп, осы күнге дейін жаңа мазмұнда, өзгеше формада сақталып келеді.

Студенттер өз кезегінде тәуелсіздік кезеңінен кейінгі қазақ испровизациялық өнері жаңашыл үлгіде, жаңа ізденістер мен эстетикалық талғаммен жоғары деңгейге көтерілгенін айтты. Импровизациялық өнер айтыспен ғана шектелмей, өнердің басқа салаларында кеңінен қолданысқа ие. Адам санасының өзгеруіне байланысты импровазациялық өнер де өзгешеленіп, көпқырлылық қасиеті ұштала түскенін көрсетеді.

Импровизациялық өнердің шығарып айтушыларын зерттеу қазіргі қазақ әдебиетінің даму эволюциясын, жаңа бағыттарын, талап пен талғамдық ерекшеліктерін толық тануға мүмкіндік береді.

Сабақ интерактивті форматта өтті: сұрақ-жауап әдісі, топтық жұмыс, шығармашылық талдау, пікірлер мен зерттеулерді салыстыру сияқты әдістер қолданылды.