Редактор, аудармашы Баян Хасановамен шығармашылық кездесу — ҚазҰУ

91ý

Редактор, аудармашы Баян Хасановамен шығармашылық кездесу

7 наурыз 2026
Редактор, аудармашы Баян Хасановамен шығармашылық кездесу

2026 жылы 7 наурызда «Сапалы білім» атты тұрақты дамудың №4 мақсаты аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы  Alqa publishing баспасының бас редакторы, аудармашы Хасанова Баянмен шығармашылық кездесу өткізді. Іс-шараны филология ғылымдарының докторы, ассистент-профессор   Г.Ж. Болатова, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Н.Б. Сағындықов, доцент, ассистент-профессор Б.С. Сарбасов және  «8D02304 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасының докторанты  Р.Н. Отызбаева ұйымдастырды.  Шығармашылық кездесуге кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

Оқу бағдарламасы «Әдеби редакциялау» болғандықтан, кездесу тақырыбы «Қолжазбамен жұмыстың ерекшеліктері» аясында кездесуде студенттер редактордың шығармашылық жолы, жеке баспасының ашылу тарихы мен қолжазбамен жұмыстағы қиындықтар туралы қызықты сұрақтар қойып, еркін сұхбат құрды. Редактор, аудармашы студенттердің, қонақтардың сұрақтарына жүйелі жауап беріп, өзінің шығармашылық жолы және жоспарларымен бөлісті.  3-курс студенттері Джумагалиева Бинұр мен Мұрат Аркен редактура тарихы, қолжазбамен жұмыс хақында баяндама жасады.

Жастарға шабыт сыйлап, кәсіптік, шығармашылық тұрғыдан кеңесін беріп, рухани әлемін байытқан әсерлі де мазмұнды кештің оқырман жадында сақталары анық.

 

Р.Н. Отызбаева

1-курс докторанты