Филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Саргелтаева Ардақ Құрманалықызы ТДМ 4. “Сапалы білім беру” бағыты аясында “Шаңырақ күні” және “Мәдениет және салт-дәстүр күні” мерекелеріне орай «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студенттерімен “Қазақтың отбасы фольклоры” атты шығармашылыққа арналған ашық семинар сабағын өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – жастардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраны дәріптеу, мәдени танымдарын қалыптастыру.
Сабақ барысында әдет-ғұрып қазақ халқының рухани тірегі, салт-дәстүрді құрметтеп, оны сақтауға, дамытуға әрбір қазақ азаматы міндетті екендігі, сонымен қатар қазақ халқының дүниетанымында шаңырақ - өмірдің жалғасы, ата-бабадан қалған аманат, ұрпаққа берілер қасиетті мұра екендігі, отбасы құндылығы, ұрпақ сабақтастығы, ұлттық құндылықтар турасында насихатталды. Жас ұрпаққа отбасының маңызы түсіндірілді. “Отан - отбасыдан басталады” дегендей берік отбасы қоғамның бірлігін нығайтып, елдің іргетасының мықты болуына ықпал ететіндігі дәріптелді. Студенттер тарапынан белсенділік жоғары деңгейде болып, шығармашылық тапсырмаларды орындауда үлкен қызығушылық тудырды. Семинар сабағы соңында студенттер өз пікірлерін Padlet тақтасы арқылы бөлісті. Өнерлі студенттер өз шығармашылығынан хабардар етіп, рухты өлеңдер оқып, әндер шырқады.
Басқа жаңалықтар