- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ТДМ 17 аясында «Музей – әлеуметтік әділеттілікті насихаттау алаңы» атты кураторлық сағат өтті
ҚазҰУ-да ТДМ 17 аясында «Музей – әлеуметтік әділеттілікті насихаттау алаңы» атты кураторлық сағат өтті
2026 жылдың 20 ақпанда «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – Кедейлікті жою бағыты аясында «Музей – әлеуметтік әділеттілікті насихаттау алаңы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында музейдің қоғамдағы рөлі, мәдени мұраны сақтау арқылы әлеуметтік теңдік пен әділеттілік идеяларын насихаттаудың маңызы талқыланды. Студенттер музейлердің тек тарихи жәдігерлерді сақтайтын орын ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге назар аудартатын, мәдени диалог пен ағартушылықты дамытатын маңызды алаң екендігі жөнінде пікір алмасты.
Кураторлық сағат барысында қатысушылар Тұрақты даму мақсаттарының қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудегі рөліне тоқталып, мәдени мекемелердің әлеуметтік жауапкершілігі туралы ойларымен бөлісті. Студенттер тақырып бойынша өз көзқарастарын білдіріп, белсенді талқылау жүргізді.
Іс-шара студенттердің әлеуметтік әділеттілік, мәдени мұра және қоғамдағы музейдің маңызы туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталды.
Басқа жаңалықтар