- Басты бет
- Жаңалықтар
- 17- жатақханада студенттермен дастарқан басында наурыз көже ішіп, әсерлі әңгіме өрбіттік.
17- жатақханада студенттермен дастарқан басында наурыз көже ішіп, әсерлі әңгіме өрбіттік.
Бүгін 17- жатақханада студенттермен дастарқан басында наурыз көже ішіп, әсерлі әңгіме өрбіттік. Үлкен қазанда піскен наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалып, молшылық пен берекенің белгісіндей болды. Наурыз көженің ерекшелігін, маңызын сөз еттік. Әрбір дәмнің өзіндік символикасы бар екені, ал наурыз көженің адамдарды бірлікке, татулыққа шақыратыны туралы айтылды. Әңгіме барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, ұлттық дәстүрлер жайлы пікір алмасты. Кейбір студенттер өз ауылындағы наурыз мерекесін еске алып, қызықты оқиғалармен бөлісті. Бұл сәт студенттер үшін тек дастарқан басындағы кездесу емес, рухани тәрбие алған ерекше кеш болды. Отырыс соңында бәрі бір-біріне жақсы тілектер айтып, әсем ән шырқап тарасты. Мұндай кездесулер студенттер мен оқытушылар арасындағы байланысты нығайтып, олардың бір-біріне деген құрметін арттыра түседі.
Құралай Мұхамади
Куратор-эдвайзер
Басқа жаңалықтар