Білім берудегі менеджмент: заманауи тәсілдер мен тәжірибелер
2026 жылғы 16–31 наурыз аралығында филология ғылымдарының докторы, профессор Алуа Берікбайқызы Темірболат және қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бақытқожа Байғожаевич Баязитов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру институтымен бірлесіп, филология факультетінің оқытушыларына арналған «Білім беру менеджменті: заманауи тәсілдер мен тәжірибелер» атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырып, өткізді.

Курстың мақсаты – цифрландыруды, пәнаралық және академиялық орта талаптарын ескере отырып, білім беру үдерістерін басқару, заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру саласында құзыреттерді қалыптастыру.

Курс аясында білім беру менеджментінің теориялық негіздері, оқу үдерісін, ғылыми және жобалық қызметті басқару мәселелері, білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктері мен шектеулері қарастырылды.
Курс тыңдаушылары – қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты С.Д. Дәрібаев, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Б. Ержанова, филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Л.А. Мекебаева, PhD, доцент міндетін атқарушы Г.Т. Оспанова.
Сабақ барысында тыңдаушылар сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру менеджментінің заманауи жүйесін белсенді түрде талқылады. Курстың өзектілігі, теориялық және практикалық маңызы жоғары деңгейде бағаланды.
Басқа жаңалықтар