Бейбітшілік пен әділеттілік құндылықтарын қалыптастыру: ТДМ 16 аясындағы тәрбиелік іс-шараFarabi University

91ý

Бейбітшілік пен әділеттілік құндылықтарын қалыптастыру: ТДМ 16 аясындағы тәрбиелік іс-шара

20 наурыз 2026
Бейбітшілік пен әділеттілік құндылықтарын қалыптастыру: ТДМ 16 аясындағы тәрбиелік іс-шара

     Химиялық физика және материалтану кафедрасының 1 курс докторанттары 20.03.2026ж. «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (ТДМ 16)» тақырыбында: «Наноматериалдар  және нанохимия» 1 курс  студенттеріне тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты – студенттерге БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының мәнін түсіндіру, бейбітшілік, әділдік ұғымдарының маңыздылығын ашу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болды.Тәрбие сабақ басында студенттерге ой қозғау мақсатында «егер адамзатқа жаңа, әділ әрі бейбіт әлем құру мүмкіндігі берілсе, ол қандай болар еді?» деген ситуациялық сұрақ ұсынылды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, белсенді пікір алмасты. Слайд арқылы интерактивті тест сұрақтары ұсынылып, студенттер жауап беріп қана қоймай, өз таңдауларын негіздеп түсіндірді. Бұл кезеңде қатысушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз пікірін дәлелдей алу дағдылары дамытылды деуге болады. Сабақтың келесі бөлімінде студенттер 3 топқа бөлініп, «Мінсіз қоғамды құру» атты топтық жұмыс ұйымдастырды. Әр топ өз қоғамының атауын таңдап, бейбіт әрі әділ мемлекет құру үшін 5 негізгі ереже құрастырды. Тапсырма барысында плакаттар мен маркерлер қолданылып, топтар өз жұмыстарын қорғап, идеяларымен бөлісті. Сонымен қатар, сабақ барысында заңдардың тиімділігі мен олардың орындалмау себептері туралы пікірталас жүргізілді. Студенттер сыбайлас жемқорлық, жауапкершіліктің болмауы сияқты мәселелерді атап өтті. Қорытынды бөлімде бейбітшілік пен әділдік әр адамның әрекетіне байланысты екені атап өтілді. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, ұжымдық қарым-қатынасын, өз көзқарасын қорғай білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Іс-шара жоғары деңгейде өтті – студенттер бүкіл адамзат үшін өмірлік маңызы бар осы мәселені белсенді және қызығушылықпен талқылауды көрсетті.

 

Химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры, х.ғ.д. Абдулкаримова Р.Г., докторант Енсеп Элеонора