Тұрақты даму мақсаттары аясында (ЦУР) Алматы қаласының жастарына дәріс оқылды
2026 жылдың 29 наурыз күні Қытайтану кафедрасы менгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Керімбаев Е.Ә. тұрақты даму мақсаттары аясында (ЦУР) Алматы қаласының жастарына дәріс оқыды. «Жұмсақ күш феномені» деген атаумен өткен дәріс кафедра ғалымының зерттеп жүрген бағытымен үндес. Жиын Алматы Жастар саясатына қарасты Алматы комьюнити орталығында өтті. Бұл дәрісті «Отбасы хрестоматиясы» жанынан құрылған жастардың «Күлтөбе» мәдени-танымдық клубы ұйымдастырды. Дәрісті тыңдауға Алматы қаласындағы түрлі оқу орындарының жастарымен қатар, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері де көп жиналды.
Кафедрамыздың аға оқытушысы PhD доктор Керімбаев бүгінгі күні әлемдік аренада күннен күнге бәсі артып келе жатқан «жұмсақ күш» феномені туралы жан-жақты қызықты ақпараттармен бөлісті. Оның маңызы мен мәніне, шығу қайнарына, ерекшелігіне, даму сатыларына және бүгінгі күні сол күшті өзінің саясатында қолданып отырған мемлекеттерге тоқталып өтті. Соңғы кезде әлем назарын өзіне аударып отырған қазақтың да жұмсақ күш потенциалы біршама сөз болды. Дәріс тыңдаушылардың зор қызығушылығы мен ықыласын тудырды. Дәріс соңынан көптеген сұрақтар қойылды.

Басқа жаңалықтар