Қазіргі заман философиясы пәні бойынша ашық сабақ өткізілдіFarabi University

91ý

Қазіргі заман философиясы пәні бойынша ашық сабақ өткізілді

31 наурыз 2026
Қазіргі заман философиясы пәні бойынша ашық сабақ өткізілді

Қазіргі заман философиясы пәні бойынша «Персонализм мен перфекционизм, неореализм мен неомарксизм» тақырыбында ашық сабақ 2026 жылғы 30 наурыз күні 8:00–8:50 және 9:00–9:50 аралығында Қарасай батыр 95 мекенжайында орналасқан ХҚФ ғимаратының 104 кабинетінде өткізілді.

Сабақты философия мамандығының 1 курс магистранты Зайнолда Н.Б. жүргізді. Ашық сабаққа практика жетекшісі философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Аташ Б.М., сондай-ақ студенттер қатысты.

Сабақ барысында қазіргі заман философиясының персонализм, перфекционизм, неореализм және неомарксизм бағыттары жан-жақты қарастырылды. Әр бағыттың негізгі идеялары, адам табиғаты, қоғам және құндылықтар туралы көзқарастары салыстырмалы түрде талданды. Сонымен қатар аталған философиялық бағыттардың қазіргі әлеуметтік-мәдени үдерістерді түсіндірудегі маңызы талқыланды.

Сабақ интерактивті форматта өтті. Талдау сұрақтары ұсынылып, пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер тақырып бойынша теориялық білімдерін тереңдетіп, сыни ойлау және салыстырмалы талдау дағдыларын көрсетті. Студенттер аталған бағыттар бойынша аса қызығушылық танытты. Әсіресе, перфекционизмнің философиялық мәселелері жөнінде қызу дискурстар алаңы пайда болды.