VII Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «AI SYNERGY IN EDUCATION» («БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ СИНЕРГИЯСЫ») — ҚазҰУ

91ý

VII Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «AI SYNERGY IN EDUCATION» («БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ СИНЕРГИЯСЫ»)

31 наурыз 2026
VII Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «AI SYNERGY IN EDUCATION» («БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ СИНЕРГИЯСЫ»)

2026 жылғы 31 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің Шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырған AI SYNERGY IN EDUCATION» («БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ СИНЕРГИЯСЫ»)   тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.Конференция жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне енгізу және оның заманауи білім беру әдістерімен үйлесімін талқылауға бағытталды.

Конференцияның мақсаты — білім беру саласындағы инновацияларды дамыту, жасанды интеллектті қолданудың озық тәжірибелерін талқылау, сондай-ақ жас зерттеушілерге өз жұмыстарын таныстырып, кәсіби кері байланыс алу мүмкіндігін ұсыну.

Конференцияға жетекші шетелдік профессорлар мен сарапшылар қатысты:

  • Тео Мойтаба Аммари (БАӘ, Эмиратс авиациялық университеті)
  • Андела (Анжела) Попович (Сан-Диего, АҚШ)
  • Кристофер Кортен (Адам Мицкевич университеті, Польша)
  • Бора Демир (Чанаккале Онсекиз Март университеті, Түркия)
  • Паула Оржеховска (Адам Мицкевич университеті, Польша)

Конференция ZOOM және Microsoft Teams платформаларында онлайн форматта өтті.

Конференция жұмысы үш секция бойынша жүргізілді:

  1. Физика-техника және IT салаларындағы жасанды интеллект
  2. Жаратылыстану ғылымдарындағы жасанды интеллект
  3. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы жасанды интеллект

Қатысушыларға материалдар жинағының электрондық нұсқасы (*pdf) жіберілді, ал үздік қатысушыларға сертификаттар табысталды.