Материалдық әл-ауқат па, әлде рухани құндылықтар ма? Қайсысы маңызды? — ҚазҰУ

91ý

Материалдық әл-ауқат па, әлде рухани құндылықтар ма? Қайсысы маңызды?

30 наурыз 2026
Материалдық әл-ауқат па, әлде рухани құндылықтар ма? Қайсысы маңызды?

Педагогикалық практика аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Химия жне химиялық технология факультетінің 1-курс студенттері үшін, келесі білім беру бағдарламалары бойынша: 6B07104 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6B07204 – «Тағам химиясы жне технологиясы», 6B05314 – «Мұнайхимия жне химмотология» мамандығы студенттеріне «Материалдық табыс па, әлде рухани құндылықтар ма?» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Кездесудің модераторлары ретінде 8D07101 – «Мұнайхимия» білім беру бағдарламасының 1- курс докторанттары жне педагогикалық практика жетекшісі – доц. Ташмұхамбетова Ж.Х. қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға материалдық жне рухани құндылықтардың мәнін түсіндіру, олардың айырмашылығы мен өзара байланысын талдау, сондай-ақ тұлғаның дамуы үшін рухани кемелденудің маңызын ұғындыру болды.

Іс-шараның басында тақырыптың өзектілігі ашылды. Сонымен қатар, білім алушылардың назарын талқыланатын мәселеге аудару мақсатында кіріспе сұрақтар қойылды.

Кездесудің негізгі бөлімінде материалдық әл-ауқат пен рухани кемелдену ұғымдары, сондай-ақ олардың қоғам мен жеке тұлға өміріндегі рөлі жан-жақты қарастырылды. Қатысушылармен бірге өмірлік мысалдар талданып, пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер өз ойларын белсенді түрде білдіріп, құндылықтарды салыстырмалы талдауға қатысты.

Сондай-ақ материалды бекіту мақсатында командалық ойын өткізілді, оның барысында студенттер сыни ойлау дағдыларын жне өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу қабілетін дамытты.

Кездесу соңында қатысушылар материалдық жне рухани құндылықтардың маңызын түсініп, оларды нақты өмірмен байланыстыра алды. Студенттер белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, талқылауға қызығушылықпен қатысты.

Жалпы алғанда, бұл тәрбиелік іс-шара қойылған мақсатқа жетіп, білім алушылардың дүниетанымын кеңейтуге жне құндылықтар жүйесіне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.

 

Физикалық химия, катализ жне мұнайхимия кафедрасының «8D07101 – Мұнайхимия» мамандығының 1 курс докторанттары