ылым апталығы аясындағы халықаралық дәріс: Өзбекстандық ғалымдар ҚазҰУ студенттеріне дәріс оқыды — ҚазҰУ

91ý

ылым апталығы аясындағы халықаралық дәріс: Өзбекстандық ғалымдар ҚазҰУ студенттеріне дәріс оқыды

2 сәуір 2026
ылым апталығы аясындағы халықаралық дәріс: Өзбекстандық ғалымдар ҚазҰУ студенттеріне дәріс оқыды

 

 

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұйымдастырған маңызды ғылыми басқосу өтті. Шараға арнайы шақырылған Өзбекстанның танымал ғалымдары – Бұхара мемлекеттік медициналық институтының профессоры, философия ғылымдарының докторы Шадманов Курбан Бадриддинович және Бұхара инженерлік-технологиялық институтының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Зоиров Еркін Халилович «6B02202 – Исламтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне мазмұнды дәріс оқыды.

Бұл кездесудің ерекшелігі – университетте 30 наурыз – 11 сәуір аралығында дәстүрлі түрде өтіп жатқан ылым апталығы аясында ұйымдастырылуы. ылым апталығы – жас зерттеушілердің әлеуетін арттыруға, ғылымды көпшілікке кеңінен насихаттауға, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды платформа. Шетелдік ғалымдардың қатысуы бұл апталықтың мәртебесін көтеріп, студенттер мен жас ғалымдарға жаңа серпін берді.

Дәріске кафедраның ғылыми қауымы – профессор-зерттеуші Кәкімжан Бишманов, профессор м.а. Мира Балтымова, сондай-ақ магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар қатысты. Бұл ғылыми орта студенттерге еркін пікір алмасу, сұрақ қою және тәжірибе жинақтау үшін қолайлы жағдай жасады.

Ғалымдар өз дәрістерінде исламдағы философиялық мектептердің қалыптасуы, негізгі бағыттары, тарихи даму кезеңдері және олардың шығыс өркениетіне қосқан үлесі жайлы терең мазмұнды деректер ұсынды. Әсіресе калам, суфилік философия, ишракизм сияқты бағыттардың методологиясы мен дүниетанымдық ерекшеліктері кеңінен талданды. Студенттер үшін бұл тың мәліметтер ғылыми ой-өрісін кеңейтіп, ислам философиясының күрделі де терең қырларын түсінуге мүмкіндік берді.

Дәріс соңында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Шадманов пен Зоиров профессорлар студенттердің қызығушылық танытқан барлық сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, исламтану саласындағы қазіргі зерттеу бағыттары туралы да ой бөлісті.

Осындай халықаралық деңгейдегі кездесулер студенттерге ерекше шабыт сыйлап қана қоймай, ғылыми ізденіске деген құлшынысты күшейтеді. Білім мен ғылымның тығыз байланысы, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің ашық диалогы – болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына үлкен әсер етеді. Университеттің ылым апталығы аясындағы бұл шара соның айқын дәлелі болды.

Сонымен қатар, кездесудің тағы бір маңызды қыры – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы академиялық ынтымақтастықтың артып келе жатқанын көрсетуі. Екі елдің ғалымдары бір ортада бас қосып, ортақ ғылыми мәселелерді талқылауы – түркі-мұсылман өркениетін зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл ғылыми байланыстар тек дәріс оқумен шектелмей, бірлескен жобаларға, мақалаларға және болашақта академиялық ұтқырлық бағдарламаларына жол ашады.

Студенттер үшін мұндай дәрістер – теориялық білімді тереңдетудің, шетелдік тәжірибемен танысудың және өздерінің зерттеу бағыттарын айқындаудың таптырмас мүмкіндігі. Көптеген студенттер дәріс барысында алған ақпараттардың ғылыми жұмыстарын жазуда, курстық немесе дипломдық зерттеулерін дамытуда үлкен көмек болатынын айтты.

Қатысушылар сонымен бірге ислам философиясының қазіргі жаһандық үдерістермен байланысы, дін мен ғылымның өзара ықпалы, заманауи қоғамдағы рухани құндылықтардың маңызы сияқты өзекті тақырыптарды да талқылады. Бұл мәселелер жастардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ғылыми пікірін қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен бірге шара студенттердің ғылыми мәдениетін дамытуға ерекше серпін берді.


Начало формы

 

Конец формы