«Жасыл болашаққа қадам» атты экологиялық акциясы
2026 жылдың 1 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кампусында қоршаған ортаны қорғауға және эко-мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жасыл болашаққа қадам» атты ауқымды ағаш отырғызу акциясы өтті. Іс-шара БҰҰ-ның ТДМ 13: «Климаттың өзгеруімен күрес» стратегиялық мақсатын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Акция барысында университет аумағында жас көшеттер отырғызылып, кампустың «жасыл белдеуін» кеңейтуге елеулі үлес қосылды. Бұл бастама тек ағаш егумен шектелмей, болашақ мамандардың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыруды және климаттық өзгерістерге қарсы тұрудың практикалық қадамдарын насихаттауды көздейді. «Түркітану» мамандығының білім алушылары табиғат пен адам үндестігін дәріптейтін ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Шара соңында қатысушылар университеттің экологиялық тұрақтылығын сақтауға атсалысып, «Green Campus» тұжырымдамасын дамытуға ниетті екендіктерін көрсетті. Тігілген әрбір ағаш — болашақ ұрпаққа қалдырылған құнды мұра және таза табиғатқа жасалған нық қадам.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті м.а. Буркитбаева Шынарай және «6B02267 – Түркітану» мамандығының 4-курс студенттері.