ШЫҒАРМАНЫҢ ТЕГІ МЕН ТҮРІ. ЭПОСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ — ҚазҰУ

91ý

ШЫҒАРМАНЫҢ ТЕГІ МЕН ТҮРІ. ЭПОСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3 сәуір 2026
ШЫҒАРМАНЫҢ ТЕГІ МЕН ТҮРІ. ЭПОСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ТДМ 4. «Сапалы білім аясында» 2026 жылдың 3 сәуір күні тәжірибеден өтушілер филология факультетінің 1-курс магистранттары Бектұрсын Айдос пен Таңатов Рамазан «6В02304 - Әдебиеттану» мамандығының 3-курс студенттеріне “Шығарманың тегі мен түрі. Эпостың ерекшеліктері” тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық семинар сабағының мақсаты – әдеби тектер және эпикалық шығармалардың ерекшеліктері туралы студенттердің теориялық білімін тереңдету, көркем шығарманың поэтикасын талдауға студенттердің қабілетін дамыту.

Платон мен Аристотель эпос және оның әдебиеттегі орны туралы. Эпос әдеби түр ретінде. Эпикалық жанрлардың ерекшеліктері. Эпикалық жанрлардың даму тарихы. Эпос, роман, повес және әңгіменің жанрлық ерекшеліктері.

Эпикалық шығармалардағы баяндаудың құрылысы. Баяндаушы мен автордың бейнесі. Авторлық сөз және авторлық тұжырымдама. Эпикалық шығармалардың баяндау дискурстары. Эпикалық шығармалардағы сюжет пен фабула. Эпикалық шығармалардың құрамы. Эпикалық шығарманың поэтикасын талдау.

Сабақ барысында эпикалық шығармалардың құрылымы талданып, олардың эволюциялық даму кезеңдеріне шолу жасалды. Студенттер екі топқа бөлініп эпикалық жанрдың жекелеген түрлерінің классификациясын жасап, презентация қорғады. “Тарсия әдісі” арқылы сұрақтар мен жауаптар сәйкестендірілді. Топтар арасында өзара байқау ұйымдастырылып викториналық сұрақтарға жауап берілді. Студенттер қызықты күрделі тапсырмаларды белсенділікпен орындады. Сабақ соңында кері байланыс ретінде гугл форма арқылы бірнеше сұрақтардан тұратын рефлекция ұйымдастырылды. Магистранттардың практика жетекшісі ф.ғ.к., доцент Болатхан Сарбасов семинар барысы туралы өз пікірін білдіріп, ашық сабақты қорытындылады.

Ашық семинар сабақтың мазмұнды, мағыналы, қызықты өтуіне «8D02304-Әдебиеттану» мамандығының 1-курс магистранттары Бектұрсын Айдос пен Таңатов Рамазан зор үлес қосты.