- Басты бет
- Жаңалықтар
- 8D03107 – Психология білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс докторанты Мұса Құндыз Мұсақызының ғылыми семинары өтеді
8D03107 – Психология білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс докторанты Мұса Құндыз Мұсақызының ғылыми семинары өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде 2026 жылдың 6 сәуір күні сағат 15:00-де 8D03107 – Психология мамандығының 3-курс қазақ бөлімінің докторанты Мұса Құндыз Мұсақызының ғылыми семинары өтеді. Іс-шара 123-аудиторияда ұйымдастырылады.
Докторанттың ғылыми жұмысы «Әртүрлі типтегі отбасыларда сиблингтік қатынастардың әлеуметтік даму жағдайының психологиялық ерекшеліктері» тақырыбына арналған. Зерттеу қазіргі қоғамдағы отбасы құрылымдары, балалар арасындағы өзара қарым-қатынас, олардың тұлғалық және әлеуметтік дамуындағы ықпалдар, сиблингтік динамиканың психологиялық қырлары секілді маңызды мәселелерді қамтиды.
Семинар барысында Құндыз Мұсақызы өз зерттеуінің теориялық негіздерін, әдіснамалық тәсілдерін, жүргізілген эмпирикалық жұмыстың нәтижелерін және алынған деректердің ғылыми-практикалық маңызын таныстырады. Әсіресе әртүрлі типтегі отбасыларда өсіп жатқан балалардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы ерекшеліктер, олардың эмоционалдық, мінездік және әлеуметтік дамуына әсер ететін факторлар жан-жақты талданады. Зерттеу нәтижелері болашақта отбасылық психология, педагогика, әлеуметтік жұмыс және бала даму психологиясы салаларында тиімді қолданылуы мүмкін.
Философия және саясаттану факультеті барлық қызығушылық танытқан оқытушыларды, жас ғалымдарды, докторанттар мен магистранттарды, сондай-ақ психология саласына қызығушылық білдіретін аудиторияны бұл кеңейтілген ғылыми семинарға қатысуға шақырады. Семинар ашық форматта өтеді, сондықтан әр қатысушыға пікір білдіруге, сұрақтар қоюға, бағалы ұсыныстар айтуға мүмкіндік беріледі.
Аталған шара ғылыми ортада ой алмасу мәдениетін дамытуға, жас зерттеушілердің кәсіби өсуіне және докторантура деңгейіндегі зерттеулердің сапасын арттыруға бағытталған. Семинар нәтижелі талқылауларға, мазмұнды ғылыми пікірталасқа және жаңа идеялардың туындауына негіз болады деп күтіледі.
Сонымен қатар, семинар барысында сиблингтік қатынастарға байланысты қазіргі психология ғылымындағы жаңа көзқарастар, шетелдік және отандық зерттеулердің бағыттары, отбасылық ортадағы психологиялық климаттың бала дамуына әсері сияқты мәселелер де кеңінен қозғалады. Қатысушылар отбасы типологиясының өзгеруі, урбанизация, әлеуметтік-экономикалық факторлар және цифрлық ортадағы балалар коммуникациясы сияқты заманауи құбылыстардың сиблингтік динамикаға қалай ықпал ететінін талқылай алады. Бұл тақырып қазіргі қазақстандық қоғам үшін өзекті болып отыр, себебі отбасы құрылымының өзгеруі мен балалар арасындағы қатынастың жаңа формалары психологтар мен педагогтар үшін маңызды зерттеу нысанына айналуда.
ылыми семинар жас зерттеушілердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін академиялық алаң ғана емес, сонымен қоса, психология саласындағы қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Іс-шараға қатысатын мамандарға да, студенттік аудиторияға да өз кәсіби білігін арттырып, ғылыми көзқарасын кеңейтуге жағдай жасалады. Семинар соңында пікірталас бөлімі ұйымдастырылып, қатысушылар докторантқа теориялық және практикалық тұрғыдан ұсыныстар бере алады. Бұл ғылыми жұмыстың сапасын арттыруға, жаңа ғылыми бағыттарды айқындауға, зерттеу нәтижелерін нақтылау мен жетілдіруге септігін тигізеді.
Бұл семинар жас зерттеушілерге өз білімін тереңдетуге және кәсіби әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік береді, қосымша бағытта жұмыс. Сонымен бірге ғылыми байланыстарды кеңейтуге ерекше жағдай жасайды әрі ықпал етеді.
Баршаңызды 6 сәуір күні сағат 15:00-де өтетін ғылыми семинарға шақырамыз!
Басқа жаңалықтар