XVIII ғасырдағы оқиғалар және Бұқар жырау шығармашылығы — ҚазҰУ

91ý

XVIII ғасырдағы оқиғалар және Бұқар жырау шығармашылығы

16 наурыз 2026
XVIII ғасырдағы оқиғалар және Бұқар жырау шығармашылығы

2026 жылдың  16 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының  филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Е.К. Карбозов және филология ғылымдарының докторы, ассистент-профессор                  Г.Ж. Болатова жетекшілігімен ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» бағытын негізге ала отырып «Әдебиеттану» білім беру бағдарламасының  1-курс докторанты           Балнұр Лесханқызы «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студенттеріне «XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» пәнінен «XVIII ғасырдағы оқиғалар және Бұқар жырау шығармашылығы» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді. 

Ашық дәрістің мақсаты – XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының тарихи-әдеби ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау және Бұқар жыраудың ұлттық бірегейлікті сақтауға қосқан үлесін айқындау.

XVIII ғасыр қазақ тарихындағы ең күрделі әрі шиеленіске толы кезеңдердің бірі болды. Жоңғар шапқыншылығы мен көршілес ірі империялардың отарлау саясаты қазақ халқының этникалық тұтастығы мен мемлекеттік дербестігіне үлкен қауіп төндірді. Осындай қиын-қыстау заманда Абылай ханның қасында жүріп, қиын сәттерде кеңес берген, шығармаларында тарихи дәуірдің іздерін ең көп қалдырған да – Бұқар жырау Қалқаманұлы. Жырау ел тағдыры шешілер ауыр күндерде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, азаттық пен тәуелсіздіктің қорғаны болған.

 Бұқар жырау толғауларының басты өзегі елдік пен ерлік, халықтың ауызбірлігі.

     Ашық дәрісте XVIII ғасырдағы тарихи оқиғаларға шолу жасалып, тарихи шындықтың Бұқар жырау толғауларындағы көркемдік көрінісі талданды.

       Дәріс соңына қарай студенттер айтылған жаңа мәліметтерге байланысты өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар студенттерден Mentimeter.com  платформасы арқылы кері байланыс алынды.