- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ-да Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі III Халықаралық жазғы мектеп - 2026 өз жұмысын бастады.
Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ-да Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі III Халықаралық жазғы мектеп - 2026 өз жұмысын бастады.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
III Халықаралық жазғы мектеп - 2026 өз жұмысын бастады.
Алматы қ., 21.06.2026ж. -02.07.2026ж.
ПРЕСС-РЕЛИЗ
2026 жылғы 21 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География және табиғатты пайдалану факультетінде&Բ; Қытай ғылым академиясының Синьцзян экология және география институтымен халықаралық ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған «Қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау әдістері: геожүйелер, қоғам, білім беру, мәдениет және дүниетаным» тақырыбындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі III Халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын бастады.

Жазғы мектептің мақсаты – Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған халықаралық жастар платформасын қалыптастыру, экологиялық жауапкершілік пен тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Іс-шараға Қытай Халық Республикасынан келген студенттер мен жас зерттеушілер қатысуда. Екі аптаға созылатын білім беру бағдарламасы қатысушыларға қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалаудың заманауи ғылыми әдістері мен технологияларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Жазғы мектептің ашылу салтанатында география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Актымбаева құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Бағдарлама аясында геоақпараттық жүйелер, қашықтықтан зондтау технологиялары, климаттың өзгеруі, су ресурстарын басқару, урбанизацияның экожүйелерге әсері, тұрақты даму, экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны мониторингтеу мәселелеріне арналған дәрістер, практикалық сабақтар мен шеберлік дәрістері ұйымдастырылады.

Қатысушылар үшін Алматы мемлекеттік табиғи қорығына, Іле-Алатауы және Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне оқу-танымдық экскурсиялар өткізіліп, табиғи экожүйелерді зерттеу мен далалық бақылау жүргізу мүмкіндігі ұсынылады.
Жазғы мектеп бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде Қазақстан–Қытай «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» бірлескен зертханасының жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференциясы өтеді. Конференция барысында экологиялық мониторинг, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды басқару, қашықтықтан зондтау технологиялары және GeoAI бағыттары бойынша заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелері талқыланады.

III Халықаралық жазғы мектеп Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, экологиялық зерттеулер саласындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жастардың экологиялық мәдениеті мен тұрақты даму құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.