Тазалық – ортақ жауапкершілік! — ҚазҰУ

91ý

Тазалық – ортақ жауапкершілік!

4 сәуір 2026
Тазалық – ортақ жауапкершілік!

Бүгін 04.04.2026 факультетіміздің оқытушы-профессорлық құрамы, қызметкерлері, студенттері және куратор-эдвайзерлері бір мақсатқа бірігіп, қалалық сенбілікке белсенді түрде қатысты. Бұл игі шара елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Сенбілік барысында университет аумағы тазартылу жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар ұйымшылдық танытып, ортақ іске жауапкершілікпен қарап, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты. Әрбір жиналған қоқыс – болашақ ұрпақ үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға жасалған нақты қадам. «Таза Қазақстан» – бұл тек бір күндік шара емес, ол – әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық. Осы орайда факультет ұжымы табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек. Тазалық – ортақ жауапкершілік! 🌿

 Факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Г.Ж.Жақсылықова