2026 жылғы 30 наурызда «6B05102 – Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс ББ 25-08 және ББ 25-07 топтарында Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараны топ эдвайзері Баймурзаев Н.Б. өткізді.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге Наурыз мейрамының мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Мерекенің табиғаттың жаңаруымен, көктемнің келуімен және жаңа жылдың басталуымен тығыз байланысты екені атап өтілді. Сонымен қатар, Наурыздың ұлттық салт-дәстүрлермен сабақтастығы және оның бірлік пен татулықтың символы ретіндегі рөлі айқындалды.
Кездесу барысында ұлттық ойындар, дәстүрлі тағамдар және наурыз көженің маңызы туралы мәліметтер беріліп, студенттерге ұлттық құндылықтарды сақтау және оны келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы түсіндірілді. Өткізілген іс-шара тұрақты даму мақсатының – Сапалы білім (4), Мәдени мұраны сақтау (11) және Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (16) бағыттарын қамтиды.
Іс-шара студенттердің ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы
Баймурзаев Н.Б.
#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU