MaxUP 2026 халықаралық легатонына қатысу. — ҚазҰУ

91ý

MaxUP 2026 халықаралық легатонына қатысу.

6 сәуір 2026
MaxUP 2026 халықаралық легатонына қатысу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық құқық» кафедрасының командасы MaxUP 2026 халықаралық легатоны аясында өткен орыс лигасында  1-орын иеленіп, ақшалай жүлдеге қол жеткізді. Аталған шара Maqsut Narikbayev University ұйымдастыруымен Астана қаласында өтті. Іс-шара Еуропа, Азия жне Солтүстік Америкадан келген 13 елдің 90-нан астам қатысушысын біріктірді.

Екі күн бойы командалар цифрлық дәуірдің негізгі сын-қатерлерін қамтитын кейстермен жұмыс істеді — жасанды интеллектті құқықтық реттеуден бастап виртуалды объектілердің құқықтық мәртебесіне дейін. Бірінші кезең — Lex Fantastica дебаттары — Астана халықаралық қаржы орталығының соты алаңында өтіп, метавселендер мен сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі талқыланды.

Екінші күні Maqsut Narikbayev University базасында қатысушылар жасанды интеллекттің құқық пен сот жүйесіндегі рөліне арналған жобаларын ұсынып, талқылады.

          Біздің жеңімпаз командамыздың құрамы, «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы:

 Докторович Алиса

 Муталипова Дильнара

 Лымарев Никита

 Игитян Кристина

          Команданың жатықтырушысы Нысанбекова Ляззат Бегимжановна доктор PhD, ассистент-профессор. 

Команда жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін жне цифрлық дәуірде құқықтың болашағын қалыптастыру мүмкіндігін көрсетті. Сіздермен мақтанамыз!