- Басты бет
- Жаңалықтар
- География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында PhD докторанттардың ғылыми семинары өтті.
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында PhD докторанттардың ғылыми семинары өтті.
2026 жылдың 3 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында кезекті ғылыми семинар өтті. Семинар барысында PhD докторанттар өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ортаға салып, ғылыми қауымдастық алдында маңызды тақырыптарды қорғады.
ылыми жиында келесі баяндамалар ұсынылды:

- Аубакирова Гаухар Болатовна («8D01503 – География»)
Тақырыбы: «Қазақстан мектептерінде географиялық олимпиадаларға дайындыққа арналған жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу».
ылыми жетекшісі: PhD, ассистент-профессор А.М. Калимурзина.

- Шарапханова Жанерке Мейірханқызы («8D05202 – География»)
Тақырыбы: «Шарын өзені алабының Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы экзогендік бедер түзуші процестердің дамуын бағалау».
ылыми жетекшісі: г.ғ.к. К.Б. Егембердиева («География және су қауіпсіздігі институты» АҚ).
- Калиева Дамира Медетқызы («8D07304 – Жерге орналастыру»)
Тақырыбы: «Қашықтықтан зондтау әдістерін қолдана отырып, Алматы облысы ауыл шаруашылығы алқаптарының тозу процестерін бағалау».
ылыми жетекшісі: г.ғ.к., профессор А.А. Токбергенова.
Талқылау барысында кафедра оқытушылары мен шақырылған сарапшылар зерттеу жұмыстарының өзектілігіне, әдіснамалық ерекшеліктеріне және практикалық маңыздылығына тоқталды. Жұмыстарды саралай келе, комиссия келесідей шешім қабылдады:
1. Г.Б. Аубакирова мен Д.М. Калиеваның зерттеу жұмыстары жоғары деңгейде деп танылып, алдын ала қорғау (предзащита) кезеңіне жіберілді.
2. Ж.М. Шарапханова ғылыми семинар талаптарын сәтті орындап, кезекті кезеңнен өтті.
Бұл ғылыми шара факультетіміздің жас ғалымдарының халықаралық стандарттарға сай ізденістерін көрсетіп, еліміздің география және жер ресурстарын басқару саласындағы жаңа ғылыми бағыттардың дамуына серпін бермек.
Басқа жаңалықтар