М.Г. Розенберг атындағы халықаралық байқау
ҚазҰУ командасы 24–27 наурыз аралығында Мәскеу қаласында ВАВТ базасында, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы ХКАС қолдауымен өткен М.Г. Розенберг атындағы халықаралық байқауда университет намысын лайықты қорғады. Аталған байқау халықаралық коммерциялық арбитраж және халықаралық жеке құқық мәселелеріне арналған беделді студенттік модельдік арбитраж сайысы болып табылады. Нәтижесінде Лиза Нурсерик, Ши Сынцзянь және Болатжан Айдана құрамындағы команда құрметті 3-орынға ие болды. Лиза Нурсерик «Үздік спикер» номинациясымен марапатталып, жоғары кәсіби деңгейі мен шешендік шеберлігін көрсетті. Қатысушылар 16 үздік команда арасында терең білімдерін, аналитикалық ойлау қабілеттерін және бәсекелестік жағдайында жұмыс істей алу шеберлігін дәлелдеді. Бірінші турда команда 100 ұпайдың 96-сын жинап, 1-орынды иеленіп, келесі кезеңге сенімді өтті және ҚХР жетекші университеттерінің командаларын басып озды. Команданы дайындау Нысанбекова Л.Б. жетекшілігімен жүргізіліп, оның еңбегі мен қолдауы бұл жетістікке маңызды үлес қосты.