ҚазҰУ-да «ПӘКІСТАН МӘДЕНИ КҮНДЕРІ» ӨТТІ — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-да «ПӘКІСТАН МӘДЕНИ КҮНДЕРІ» ӨТТІ

6 сәуір 2026
ҚазҰУ-да «ПӘКІСТАН МӘДЕНИ КҮНДЕРІ» ӨТТІ

2026 жылғы 6 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Пәкістан мәдени күндері» шарасы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттерге Пәкістан халқының бай мәдениеті мен дәстүрін таныстыру, мәдениетаралық диалогты дамыту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Бағдарлама БҰҰ ұсынған Тұрақты даму мақсаттарының келесі бағыттарын қолдауға арналды: №4 Сапалы білім беру (Quality Education), №10 Теңсіздікті азайту (Reduced Inequalities), №16 Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (Peace, Justice and Strong Institutions).

Мәдени бағдарлама Шығыстану факультетінің деканы М.Ш. Эгамбердиевтің құттықтау сөзімен ашылып, мұндай бастамалардың ұлттар арасында өзара түсіністік пен құрметті арттырудағы маңыздылығы атап өттілді. Іс-шараға Пәкістан Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ризвана Қази ханым қатысты. Консул Шығыстану факультетінің урду тілі бөлімі студенттерінің белсенділігін ерекше атап өтіп, шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Соынмен қатар, Kaz-Pak Association және GEM International ұйымдарының өкілдері қатысты. Қонақтар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Шара аясында студенттер Пәкістан халқының мәдениеті мен дәстүрін таныстыратын мазмұнды өнер көрсетілімдерін ұсынды. Атап айтқанда, урду тілінде поэзиялық шығармалар оқылып, ұлттық аспап – рабаптың сүйемелдеуімен әуезді әндер орындалды. Сонымен қатар, Пәкістанның көне заманнан бүгінге дейін сақталған дәстүрлі өзін-өзі басқару жүйелері – «панчаят» және «джирға» тақырыбында сахналық қойылымдар көрсетілді. Қонақтарға пәкістандық ұлттық тағамдар – пакора, самоса, гулаб джамун және масала чай ұсынылды.

Мәдени іс-шара Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының зерттеуші-профессоры Ерекешева Л.Г. тарапынан қорытындыланды. Профессор іс-шараның студенттердің мәдени кеңістігін кеңейтуге, мәдениетаралық өзара әрекеттестікті дамытуға және халықаралық достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететіндігін атап көрсетті.

 «Пәкістан мәдени күндері» іс-шарасы студенттерге жаңа мәдени кеңістікті танып білуге мүмкіндік беріп, мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға және достық қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосты.