"Контактілік және генетикалық байланыстар" — ҚазҰУ

91ý

"Контактілік және генетикалық байланыстар"

10 наурыз 2026
"Контактілік және генетикалық байланыстар"

2026 жылдың 10 наурызында филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ержанова Сәуле Баймырзақызының жетекшілігімен «Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанты Хасанова Баянның өткізуімен «Контактілік және генетикалық байланыстар» тақырыбында ашық семинар сабағы өткізілді. Ашық семинар ТДМ 5-бағыты – «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» аясында ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің әлем әдебиетіндегі әйел образдарын контактілік және генетикалық байланыстар тұрғысынан талдау, олардың құрылымдық, функционалдық және тақырыптық ерекшеліктерін зерттеу арқылы гендерлік мәселелер мен мәдени-әлеуметтік контекстті көрсету болды. Семинар барысында мәтінді талдау, салыстырмалы әдіс, тақырыптық карта жасау және графикалық схема құру сияқты ғылыми әдістер қолданылды. Нәтижесінде студенттер әлем әдебиетіндегі әйел образдарының ерекшеліктерін, олардың әдеби мәтіндердегі өзара байланыстарын және әлеуметтік-мәдени мәнін талдап, гендерлік қатынастарды тереңірек түсінді. Сонымен бірге, студенттердің салыстырмалы әдебиеттанудағы аналитикалық дағдылары мен сыни ойлау қабілеттері дамыды, әдеби және гендерлік құндылықтарға қатысты ғылыми көзқарастары кеңейді.