"Фольклорлық нұсқаларды салыстыру"
2026 жылдың 31 наурызында филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ержанова Сәуле Баймырзақызының жетекшілігімен «Әдебиеттану» мамандығының 1 курс магистранты Лили 3 курс студенттеріне «Салыстырмалы әдебиеттану және фольклористика» пәні бойынша «Фольклорлық нұсқаларды салыстыру» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Ашық семинар ТДМ 4-бағыты – «Сапалы білім беру» аясында ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің қазақ және қытай мақал-мәтелдерінің фольклорлық тұрғыдан байланысын анықтау, оларды құрылымдық, функционалдық және тақырыптық тұрғыдан талдау арқылы ұлтаралық мәдени-әдеби қатынастарды көрсету болды. Семинар барысында жұптық жұмыс, сұрақ-жауап әдістері және «SWOT» талдау тәсілі қолданылды. Сонымен қатар QR-код арқылы кері байланыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде студенттер қазақ және қытай фольклорының айырмашылықтарын тереңірек талдап, олардың тақырыптық ұқсастықтарын айқындады. Бұдан бөлек, ұлтаралық байланыстарды жаңаша түсініп, өз белсенділіктерін көрсетті. Аталған семинар студенттердің әдебиеттанудағы салыстырмалы әдісті терең меңгеруіне, фольклорлық мәтіндерді талдауда сыни ойлау дағдыларын дамытуға және әдеби құндылықтарға қатысты ғылыми көзқарастарын кеңейтуге оң әсерін тигізді.
Басқа жаңалықтар