- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2026 жылғы 11 сәуірде «Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы!» атты дәстүрлі Наурыз мереке
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2026 жылғы 11 сәуірде «Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы!» атты дәстүрлі Наурыз мереке
Аталған іс-шара қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.
Мереке аясында киіз үйлер қалашығы ұйымдастырылып, қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрыптары мен халықтық өнерін танытатын мәдени-танымдық бағдарламалар ұсынылады.
Наурыз – тек мәдениет пен өнер мерекесі ғана емес, сонымен қатар достықтың, бірліктің, өзара құрмет пен қоғамдық келісімнің символы.
Құрметті Шығыстану факультетінің оқытушылары, студенттері және қызметкерлері!
Сіздерді осы салтанатты іс-шараға қатысып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мерекенің қадірлі қонағы болуға шақырамыз.
Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 сәуір, сағат 11:30
Басқа жаңалықтар