ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМ! — ҚазҰУ

91ý

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМ!

7 сәуір 2026
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМ!

2026 жылғы 14–17 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде, түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Түрік мәдениеті апталығы» өткізіледі. Апталықтың тақырыбы – «Тілдегі бірлік, мәдениеттегі достық».

Іс-шараларға Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Бас консулы Тугба Алан Өзденфедакар, сондай-ақ білім беру мәселелері жөніндегі консул-атташе Шүкүр Көсе және Түркия Республикасынан арнайы шақырылған қонақтар мен университет студенттері қатысады.

Апталықтың мақсаты – мәдени-білім беру ынтымақтастығын нығайту, халықаралық академиялық ұтқырлықты кеңейту және екі елдің жас ғалымдары мен студенттері арасындағы мәдениетаралық диалогты тереңдету.